Ссылки доступа

Арыстан мен аю өлімі душанбелік хайуанаттар бағында жанжал туғызды (видео)


Хайуанаттар бағы директорының орынбасары Саидхожа Сафаровтың хабарлауынша, арыстан мен аюдың өлімі мекеменің қызметкері болған Саиджамол Орзуевтың жұмысқа салғырт қарауының салдарынан болған. Аңдар өз табындағылармен төбелесіп, соның салдарынан алған жарақаттардан өлген.

"Орзуев жұмыс болып, аңдардың тұрағын дер кезінде ауыстырғанда немесе төбелескен аңдарды су шашып ажыратып жібергенде, мұндай қайғылы оқиға болмас еді. Ол бұған дейін де салғырттығы үшін ескерту алған, соған қарамастан тағы да қателік жіберіп, аюлар апандарынан шығып кеткен. Аюлардың талтүсте босап кетуі өте қолайсыз жағдай – олар адамдарды да талап тастауы мүмкін еді", - деп директордың орынбасары.

Хайуанаттар бағында өлген аю өте сирек кездесетін ақ тырнақты аюлар тобына жататын. Ол тәжікстандық Бадахшандағы хайуанаттар бағынан көшірілген еді. Жеті жасар африкалық арыстан душанбелік хайуанаттар бағына Өзбекстандағы Ташкент хайуанаттар бағымен алмасу кезінде әкелінген.

Бірақ душанбелік хайуанаттар бағының жұмыстан шығарылған қызметкері Саиджамол Орзуевтың айтуынша, арыстан мен аюдың өліміне ол кінәлі емес, жануарлардың өлімі оны жұмыстан шығаруға түрткі болған.

"Арыстан өлерден бір күн бұрын оған бұқаның басын берген. Тамақ сараптамадан өтпеген. Арыстан соны жегеннен кейін өліп қалды. Ол бұзылған тамақтан уланып өлді деп ойлаймын. Аюдың аяғы басқа аюлармен төбелескеннен емес, арматурадан сәл ғана жарақаттанған еді. Бірақ оны ешкім емдеуге келмеген. Аюлар сынық есіктен шығып кеткен. Ол үшін мен кінәлі емеспін. Бірақ олар мені жақтырмағандықтан, осының барлығын маған қарсы қолданды", - деді жұмыссыз қалған Орзуев.

Душанбелік хайуанаттар бағы 5 гектар жерді алып жатыр. Мекемеде 40-тан астам аң түрі және 50 құс түрі бар.

XS
SM
MD
LG