Ссылки доступа

АҚШ билігі санкцияларға қарамастан Coursera-ға Қырымға оралуға рұқсат берді


Бұл маусым айының соңында АҚШ-тың әділет министрлігінің Office of Foreign Assets Control бөлімшесінен арнайы лицензия алғаннан кейін белгілі болған.

Басылымның мәліметінше, 2015 жылы халықаралық конференция кезінде Экономикалық жоғары мектептің ректоры Ярослав Кузьминов санкциялар "ғаламдық қоғамдық игілік үшін білім идеяларына" кедергі келтіріп отыр деген. АҚШ-тың академиялық қоғамдастығы бұл позицияны қолдаған. Кейін ресейлік ғаламдық университет қауымдастығы Coursera иесі Дафне Коллерге Қырым тұрғындары үшін платформаны ашуға ресми өтініш жасаған.

Coursera білім беру платформасы Қырым тұрғындары үшін 2015 жылдың 1-ақпанынан бері Ресейдің Қырымды аннексиялауына байланысты және Украинаның шығысындағы жанжалды өршітіп отырғаны үшін еуропалық және америкалық санкциялардың салдарынан жабылған.

XS
SM
MD
LG