Ссылки доступа

Шетелдік ұйымдарға ресейлік телеаудиторияны зерттеуге тыйым салынды


Енді заңға сәйкес, 20 пайыздан астам капиталына шетел мемлекеттері бақылау жасайтын шетелдік және халықаралық ұйымдар, компаниялар, заңдық тұлғалар ресейлік телеарналардың аудиториясына қатысты сараптама жүргізе алмайды.

Заң сонымен бірге ресейлік телеканалдар аудиториясына зерттеу жүргізетін ұйымдарды міндетті түрде Роскомнадзордан акредитация алуды міндеттейді.

Мұның алдында ресейлік телеканалдар ЛДПР мүшесі, депутат Андрей Луговтың енгізген заң жобасын қолдап, бірақ жарнама берушілерді жоғалтып аламыз деп, түзетулерді 2018 жылдың соңына дейін шегеруді сұраған.

XS
SM
MD
LG