Ссылки доступа

Ұлыбритания парламенті Ресей жөнінде баяндама жасады


Бұл парламенттің 2009 жылдан бергі жасаған бірінші баяндамасы. Онда британ армиясы мен НАТО күшінің Украинаның шығысындағы дағдарыс пен 2014 жылы Қырымның аннексиялануынан соң Ресеймен қарым-қатынас суығаннан кейінгі даму мәселесі қаралады.

Құжатта Кремльде шешімдер қандай жол, қандай стратегиямен қабылданып жатқандығы жөнінде Батыстың түсінігі жоқ деген мәселе көтерілген. Бұл туралы BBC хабарлайды.

Британия үкіметі бұл мәселелерді шешуде үкіметтің талдау-сараптамалық мүмкіндіктерді дамыту жолдарымен ғана емес, Мәскеумен әскери және саяси ынтымақтастықты, мәселен терроризммен күрес секілді бағыттарда қалыпқа келтіру керектігін көтерген.

XS
SM
MD
LG