Ссылки доступа

Қазақстан Астана күнін тойлап жатыр


Астана күні бұрын 10 маусымда атап өтілетін, 2006 жылы мереке 6 шілдеге ауыстырылды. 2008 жылы Астана күні мемлекеттік мерекеге айналды, сол себепті бұл күні бүкіл ел демалады. Астана күні Қазақстанның алғашқы әрі әзірге жалғыз президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен сәйкес келеді. Биыл Назарбаев 76 жасқа толды.

Астана күні қарсаңында қала әкімшілігі миллионыншы астаналық дүниеге келгенін хабарлады. Бұл жаңалықты бірқатары күмәнмен қабылдады: жыл басында қалада шамамен 871 мың тұрғын бар еді. Астана әкімшілігі қала халқы жарты жылдың ішінде 128 тың адамға өсті деген ақпар таратты. Билік тұрғындар санының күрт өсуін қаржы және мүлікті заңдастыру мемлекеттік науқанымен байланыстырды - көптеген компаниялар осы науқан аясында бұрын "есепте жоқ" жұмысшыларды жаппай тіркей бастаған.

XS
SM
MD
LG