Ссылки доступа

GM-Uzbekistan концернінің бұрынғы басшысының мүлкі саудаға шығарылды


"Озодликтің" мәліметі бойынша, Өзбекстанда тергеліп жатқан Жалилов Ресейде бірқатар ірі кәсіпорындар мен сауда компанияларына иелік етеді. Жақында Avito веб-сайтында Воронеж қаласындағы шығыс асханасы кафелер желісінің саудаға шығарылғаны туралы хабарлама жарияланды.

Аавтоконцернді 2010 жылдан басқарған Тохиржон Жалилов компания ақшасын алаяқтық жолмен иеленді деген айыппен биыл сәуір айының аяғында ұсталған болатын. Шенеунікке GM Uzbekistan шығарған автомобильдерді Ресейге заңсыз жолмен экспорттау арқылы ірі көлемде қаражат жымқырған деген күтік келтірілді. Дерек көзінің мәліметі бойынша, Тохиржон Жалиловпен бірге кем дегенде тағы 10 адам, солардың ішінде GM Uzbekistan бұрынғы бас директорының ұлы да тергеуге алынған.

Бір жыл бұрын Жалилов 8 жылға түрмеге отырған Федералдық көші-қон қызметінің воронеждік басқармасының бұрынғы басшысы Николай Полуказаковқа қарсы қылмыстық істе куәгерлік еткен болатын.

Федералдық көші-қон қызметінің бұрынғы басшысы "Uz-Daewoo – Воронеж" ЖШҚ қауіпсіздік қызметінің басшысы Виктор Лапиннен 2,5 миллион рубль тұратын Volkswagen Touareg автомобилін пара ретінде алған. Ресейлік тергеушілердің мәліметі бойынша, қымбат автокөлік Полуказаковқа Өзбекстан азаматтарына жұмыс жасауға және Ресейде уақытша тұруға рұқсат бергені үшін Тохиржон Жалиловтың автосалонынан сыйланған.

XS
SM
MD
LG