Ссылки доступа

Тәжікстанда автомобиль экспорты ұлғайды (видео)


Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметі бойынша, 2016 жылдың алғашқы жартысында Тәжікстаннан 28 миллион доллардың автомобилі сыртқа сатылған. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 3 миллион доллар көлемінде еді. Статистика жөніндегі агенттік мәліметі бойынша, автомобиль импорты 5 пайызға қысқарып қалды.

Тәжік кәсіпкерлерінің айтуынша, автомобильдер Тәжікстаннан Қазақстан, Қырғызстан және Ауғанстан секілді көрші елдерге, кейде арзан бағамен Дубайға сатылады. Турсунзодалық автомобиль сатушы Акмал Иброхимовтың айтуынша, қаржы тапшылығы мен сұраныстың азаюы тәжік кәсіпкерлерін көрші елдердің нарығына шығуға итермеледі.

Бұл уақытта саудаға шығарылған автомобильдердің дені Душанбе қаласындағы ірі автобазарда айлар бойына қаңтарылып тұр. Сатушылар базардағы сауда қолма-қол ақшамен жүруден қалғанын айтады. Астаналық автобазар директорының орынбасары Бободжон Чупоновтың айтуынша, "бір жыл бұрын базарда апта сайын 3000 автомобиль саудаға шығарылса, қазір бұл көрсеткіш 30 пайызға төмендеген".

Тәжікстанда негізінен балтық және еуропалық елдерден әкелінген автомобильдер саудаланады, және олардың құны автомобиль шығарылған жыл, күтімі, жанармай жеу көрсеткіші мен күтіміне тәуелді болады.

XS
SM
MD
LG