Ссылки доступа

Домодедоводағы теракті бойынша айыпталғандар босатылды


Осының алдында Домодедово қожайыны Дмитрий Каменщик және әуежайдың бұрынғы екі топ-менеджері Вячеслав Некрасов пен Андрей Данилов босатылған.

Босатылғандардың төртеуі де 2011 жылы 24 қаңтарда орын алған терактіге байланысты әуежайдың қауіпсіздік талаптары сақталмаған, қызмет көрсету жүйесі нашар деп айыпталып үйқамақта отырған. Ол кезде жанкешті әуежайдың ұшып келу залында өзін жарып жіберіп, нәтижесінде 37 адам қайтыс болып, 170-і жараланған еді. Тергеу ісі терактіге әуежайдағы тексеру жүйесінің әлсіздігі себеп болды деп есептейді.

Маусым айында терактіден зардап шеккен тарап Домодедово басшыларына қатысты арызды қайтарып алды. Бұл әуежайдың қайырымдылық қорынан зардап шеккендерге өтемақы төлегеннен кейін барып орын алған.

XS
SM
MD
LG