Ссылки доступа

АҚШ Солтүстік Корея лидеріне бірінші рет санкция салды


6 шілдеде АҚШ-тың қаржы министрлігі Солтүстік Кореядағы режимге қатысты жаңа шаралар қолданғанын жария етті. Бұл қадам АҚШ Мемлекеттік департаментінің жарияланған баяндамасымен қатар жасалып отыр. Онда Кимді адамдарды сотсыз өлім жазасына кесіп, ауыр еңбекке шегіп, зорлық-зомбылық көрсетіп келеді деп айыптайды.

Баяндамада тағы да жиырмаға жуық шенеуніктің аты аталған. Олар АҚШ-тың берген дерегі бойынша, жүйелі түрде еңбек лагерін құрып, Солтүстік Кореядан қашпақ болғандар мен өзге қылмыс жасағандарды ұстап, сол лагерге жөнелтіп отырады екен.

Осыған дейін АҚШ Беларусь президенті Александр Лукашенко, Сирия президенті Башар Асад секілді ел басшыларына санкциялар енгізген. Бірақ Солтүстік Корея лидері ешқашан мұндай тыйымдарға тап болмаған екен.

XS
SM
MD
LG