Ссылки доступа

Германия канцлері Ангела Меркель Қырғызстанға барады


Сапар аясында Ангела Меркель мен Алмазбек Атамбаев Қырғызстан мен Германия елдері арасындағы ынтымақтастықтың болашағы жайында талқылайды. Күн тәртібінде халықаралық және аймақтық мәселелер қарастырылады делінген баспасөз хабарламасында.

Келіссөз аяқталған соң Атамбаев пен Меркельдің журналистер алдында бірлескен баспасөз мәслихаты жоспарланған.

Сонымен бірге ресми сапары барысында Германия канцлері Жогорку Кенеш спикері Чыныбай Турсунбеков бастаған парламент депутаттарымен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездеседі.

XS
SM
MD
LG