Ссылки доступа

Байқоңырдан Халықаралық ғарыш бекетіне жаңа экипаж ұшырылды


Зымыран тасығыш бүгін Астана уақытымен 7 сағат 36 минутта ұшты, делінген ресейлік ғарыш агенттігінің ("Роскосмос") хабарламасында. Тоғыз минуттан соң кеме зымыран-тасығыштың үшінші сатысынан бөлініп шығып, оның бағытын Ұшуды басқару орталығының мамандары басқаруға алды, деп хабарлады "Роскосмос".

Ғарыш кемесі экипажды ХҒБ-ға екі тәулікте жеткізеді. Жаңа экипаж құрамында ресейлік ғарышкер Анатолий Иванишин, жапон аэроғарыштық зерттеулер агенттінінің (JAXA) ғарышкері Такуя Ониши және NASA ғарышкері Кэтлин Рубинс бар.

Ғарыш кемесі 9 шілдеде Астана уақытымен 10 сағат 12 минутта ХҒБ-мен түйіседі деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG