Ссылки доступа

Ташкенттегі барлық жол қиылыстарында бейнебақылау орнатылды


Саидалиеваның мәліметі бойынша, "қаладағы барлығы 120 жол қиылысында шұғыл бақылау жүйесі орнатылады деп жоспарланса, солардың барлығы бақылау жұмыстарын бастап кетті. Аталған жүйені қолдануды реттейтін тиісті заңдар қабылданған соң, айыппұлдар мен ұйғарымдар автокөлік иелеріне жолдана бастайды".

Басқарма өкілінің айтуынша, бейнебақылау жүйесінде тіркелген заң бұзушылықтар ақпарат орталығына түседі, одан соң орталық автокөлік қожайыны тіркеуде тұрған мекен-жайға үш күннің ішінде ескерту жолдайды. Жол қауіпсіздігі ережесін бұзушы 60 күннің ішінде айыппұл төлеуі тиіс. Төленбеген жағдайда, 61-күні заң бұзушының автокөлігі айып тұрағына қойылады.

XS
SM
MD
LG