Ссылки доступа

Қырғызстанда ресейлік туристерді тонағандар ұсталды


- Екеуі де бұрын милицияда істеген, олар қылмыс жасағаны үшін жұмыстан шығарылған. Қазіргі таңда ұсталғандар ІІМ тергеу абақтысында отыр.

Милиция мәліметі бойынша, ұсталғандардың бірінің жасы 41-де, екіншісі – 47 жаста.

Біріншісі бұған дейін де шетел азаматтарын тонағаны үшін жұмыстан шығарылған, ал екіншісі басқа бір қылмысқа қатысы болғаны үшін қызметтен шеттетілген. Бақыт Сейітов бұл ақпараттың жай-жапсары қазір анықталып жатқанын айтты. Күдіктілерді сотқа дейін абақтыда ұстау-ұстамау мәселесі 9 шілдеге дейін шешіледі. Бұған дейін олардың суреттері мен аты-жөні жарияланбайды.

4 шілдеде Токмок қаласына жақын маңда милиция формасын кигендер Ресейдің Волгоград облысынан келген туристерді тонап кетті. Ребровтар отбасы мүгедек баланы емдеу үшін Ыстық көлге бара жатқан еді.

Айта кетерлік жайт, Қырғызстанда тоналған ресейлік туристерге қаражат жинау акциясы өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG