Ссылки доступа

Salini Impregilo: 2018 жылы Рогун ГЭС-інде екі агрегат іске қосылады


Компания жаңа су торабының жұмысы басталғанда Тәжікстанда электр энергиясын өндіру екі есеге артатынын айтады. Тендерді жеңіп алған италиялық компанияның мәліметі бойынша, Гидро электр станциясының екі агрегатының құрылысын көрсетілген мерзімнен бұрын аяқтау көзделген әрі бұл электр энергиясын экспорттауға да мүмкіндік береді.

Salini Impregilo бірінші кезеңнің құрылысына Тәжікстан үкіметімен қол қойылған келісім-шартқа сәйкес, 1 млрд 95 млн АҚШ доллары жұмсалатынын айтады. Тұтастай станцияның құрылысына 13 жыл кетеді екен, келісім-шартта көрсетілген жалпы құны - 3,9 млрд АҚШ доллары.

Еске сала кетейік, Тәжікстанның көптеген аймақтары қыркүйек айынан сәуір айына дейін тәулігіне 4-5 сағат электр энергия алады. Бұрынғы жылдары электр энергия жетіспеушілігін шешу үшін Тәжікстанда қосымша "Сангтуда-1" және "Сангтуда-2" гидро электр станциясы іске қосылған. Бірақ энергия тапшылығы сол күйінде шешілмеді.

Бұл салаға қатысты тағы бір проблема Өзбекстанмен байланысты. Көрші ел Рогун ГЭС құрылысы аймақты экологиялық апатқа әкеледі деп есептейді. Халықаралық сараптама комиссиясы ГЭС құрылысы қоршаған ортаға зиянын тигізбейді деп шешім шығарған.


XS
SM
MD
LG