Ссылки доступа

Алмалықта тоқыма фабрикасы өртеніп кетті


"Жасмин-Текстиль" ЖШБ қарасты фабрикадағы өрт 7 шілдеде түнде тұтанған.

"Озодликтің" Алмалық ауданының әкімшілігіндегі дереккөзі болған оқиғаны растады:

"Фабрика түнде өртене бастады. Ол кезде мұнда ешкім болмаған. Өрттің шығуына электр қуатының тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Тілсіз жау 290 шаршы метр жерді шарпып өтті. Синтетикалық өнімдер, құрал-жабдықтар, синтепон және кілем өндірінің қалдықтары өртеніп кетті", - деді жергілікті шенеунік.

Оның айтуынша, өрт түнде болғандықтан, ешкім зардап шекпеген.

Еске салсақ, тура бір ай бұрын Ташкенттегі тоқыма фабрикасы өртеніп кеткен еді.

XS
SM
MD
LG