Ссылки доступа

Гүлнар Каримоваға қатысы бар компаниядан 300 миллион еуро тәркіленуі мүмкін


Uzbekistan - Gulnara Karimova, Drawing by Mārtiņš Upītis.

Uzbekistan - Gulnara Karimova, Drawing by Mārtiņš Upītis.

СА-News-тің Reuters агенттігіне сүйеніп хабарлауынша, голландиялық прокуратураның болжамы бойынша, аталған компания қаражатты Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнар Каримоваға пара ретінде қолданған. Прокуратура Амстердам сотынан 300 миллион еуроны тәркілеп, 5 миллион еуро көлемінде айыппұл салуын сұрады. Бұған қоса олар сотты Takilant компаниясының меншігіндегі Ucell акцияларының 6 пайызын тәркілеуге шақырды. Ucell – өзбекстандық Nordic телеком Telia Company AB операторының еншілес компаниясы.

«Пара Өзбекстан телекоммуникациясы нарығына ену үшін төленген», - делінген прокуратура мәлімдемесінде. «Ақша өзбек президентінің қызына жолданған және Takilant Каримоваға тиесілі».

Голландия прокуратурасының мәліметі бойынша, параны VimpelCom телекоммуникациялар компаниясы мен Telia компаниясы төлеген. VimpelCom компаниясын голландиялық және америкалық прокуратура ақпан айында сыбайласқан жемқорлыққа қатысы бар деп айыптаған еді, ал Telia компаниясы қазір тергеліп жатыр. Голландия прокуратурасы Каримованың жеке басын емес, Takilant фирмасын айыптайды, деп түсіндірді прокуратураның баспасөз хатшысы.

Хабарларға қарағанда, Каримова 2007-2015 жылдар аралығында VimpelCom-ның еншілес компаниясы Unitel-ді және Telia-ның еншілесі Coscom LLC-ді 3G мобильді лицензиямен қамтамасыз ету үшін 385 миллионнан астам доллар пара алған.

XS
SM
MD
LG