Ссылки доступа

BIRN: Әблязовтың Белградта меншігі болған


Сыбайласқан жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, Мұхтар Әблязов Belexpocentar көрме кешені мен оның жанындағы Holiday Inn қонақ үйін бірқатар офшорлық компаниялар арқылы сатып алған болуы мүмкін. OCCRP хабарламасында Әблязов бұның барлығын жоққа шығарғаны айтылған.
Қазақстанда Мұхтар Әблязовты БТА Банкінен миллиард доллар ұрлады деп айыпталды. БТА Банкі 2009 жылы Қазақстан үкіметі бақылауына көшкенге дейін оны Әблязов басқарған еді. Сол жылы Әблязов Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. 2013 жылы жаздан бері ол Ресейге экстрадициялау туралы сауалдың шешімін күтіп Франция түрмесінде отыр. Қазақстанда, Ресейде және Украинада Әблязов БТА Банкі қаражатын сыртқа шығарды және қаржы айла-амалдарын жасады деп айыпталды.
Мұхтар Әблязовтің өзі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жүйесін сынап, оған қарсылық көрсеткені үшін саяси қудалауға ұшырағанын айтып, тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарып келеді.

XS
SM
MD
LG