Ссылки доступа

ҰҚК сыра зауыт жетекшісі төңкерісті қалай жасамақ болғанын жариялады


ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Төлешовке оннан астам қылмыстық айып тағылған, солардың ішінде «ұлтаралық қылмыстық қауымдастықты қаржыландырған», «қылмыстық топ құрған» және «кісі өлтіру» қылмысы бойынша баптар бар.
ҰҚК төрағасы, Астанада журналистермен кездесуінде, Тоқтар Төлешов пен оның сыбайластары «билікті күшпен басып алуға дайындық жасағанына» дәлел бар деп мәлімдеді. ҰҚК дүйсенбі күні таратқан хабарламада қылмыстық топ Қазақстанда «әлеуметтік шиеленіс, жаппай тәртіпсіздік және наразылық акциялары ошақтарын» ұйымдастыру арқылы «билікті басып алғысы» келген делінеді. Төлешовке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғанын ҰҚК сенбі, 9 шілдеде хабарлады.
Төлешов биыл жыл басында ұсталды. Күдікті ұстаған орыннан «қару-жарақ, есірткі және кітаптар» табылды деп хабарланды. Маусым айында ҰҚК елдегі бірқатар қалада жер мәселесіне қатысты сәуірдің соңында өткен наразылық акцияларын Төлешов ұйымдастырған деп жариялады. Қазақстан бас прокурорының бірінші орынбасары Ілияс Бақтыбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысы, генерал-майор Досқалиев, ОҚО ішкі істер органдары департаменті басшысының бұрынғы бірінші орынбасары және қорғаныс министрлігінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасы әскери бөлімдерінің екі командирі Төлешовтің сыбайластары деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG