Ссылки доступа

Тәжік консулдығы ауғанның Файзабадында жұмысын қайта жалғастырды


Тәжікстанның Ауғанстандағы елшісі Шарофиддин Имомов ауған тарабының бірнеше рет жасаған өтінішінен кейін, Бадахшан елдімекеніндегі халық тұрмысының ауырлығына байланысты Файзабад қаласында консулдық қызметін қайта ашқан.

Тәжікстан елшісі тәжік дипломаттарының Файзабад қаласына келгенін, бүгінде жұмыс жағдайын жасақтап жатқанын және Ауғанстанның үкіметтік мекемелерімен бірлесіп қызметкерлердің қауіпсіздік мәселелерін шешіп жатқанын айтты.

Құндыз уәлаятында тәжік консулдығын ашуға байланысты, Тәжікстан елшілі бұл аймақтағы қауіпсіздік мәселесі жұмысты қайта жалғастыруға мүмкіндік бермейді деді.

Тәжікстанның сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 2015 жылы 28 қыркүйекте тәліптер шабуыл жасаған кезде тәжік консулдығы толығымен тоналған.

XS
SM
MD
LG