Ссылки доступа

Өзбекстанда мемлекеттік қызметкерлер сиыр жапасын теріп кетті


Сиыр жапасы диқаншылардың жерін тыңайтуға пайдаланылады. Жергілікті тұрғындар үкіметтің бұл шешіміне наразы болып отыр. Тұрғындар газ бен электр қуатының тапшылығынан, сиыр жапасын тамызық етуге мәжбүр.
Дерек көзінің хабарлауынша, махалла күзетшілерін ертіп алған ақ қалатты дәрігерлер мен медбикелер әрбір отбасыдан екі қап сиыр тезегін шығарып беруін сұрап жүр.
«Біздің ауылда мал ұстау оңай емес. Қой мен сиырды аулада ұстаймыз, өйткені бізде жайылым жоқ. Оларды кепкен шөппен, сабан мен төппен жемдейміз. Төптің бір литрін шарап заутынан 70 сомға сатып аламыз. Екі қап сиыр тезегінен 200 кезек шығады. Газ бен жарық жоқ ауылда ол 10 күнге жетеді. Тезек жинауды СЭС қызметкерлеріне тапсырғаны тіпті күлкілі. Сұр қалат киген дәрігерлердің тезек сұрап жүргені өте аянышты көрінеді. Бүкіл махалла күліп жүр», - деді жергілікті тұрғындардың бірі.
Ауыл тұрғындарының «Катта Кенагас» мәслихаты белсендісінің айтуынша, кеше махаллаға СЭС-тің үлкен тобы келген. «Екі дәрігер немесе медбикеге бір махалла күзетшісін қосып беріпті. Адамдар тезек толы қаптарды ауласынан шығарып берсе, диқаншылар оны тракторларымен тасып әкетіп жатты», - деді махалла белсендісі.

XS
SM
MD
LG