Ссылки доступа

«Душанбе аквапаркінің» құрылысы қайта жалғасты (видео)


Душанбе қаласы Құрылыс басқармасының өкілі Парвиз Аминов, Озоди радиосына берген сұхбатында, жобаның жалпы құны 83 миллион сомони екенін айтқан. Оның 28 миллионын Тәжікстан салса, қалған 55 миллионды италиялық тарап құяды.

Жоба бойынша, ойын-сауық кешені ересектер мен балаларға арналған алты ірі бассейннен және 34 түрлі аттракциондардан, үш қабатты әкімшілік ғимаратынан, асхана мен киім ауыстыратын бөлмеден тұрады. Парвиз Аминовтың айтуынша, 2 гектар жерге орналасқан аквапарк Тәжікстандағы жалғыз әрі ең ірі ойын-сауық мекені болмақ.

Строительство самого крупного аквапарка в Таджикистане
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:25 0:00

Хофиз Шерози көшесі бойындағы бұл кешеннің құрылысын осыдан 12 жыл бұрын «Эмек Иншоот» түрік компаниясы бастаған еді. Бірақ ол компания қаржыға қатысты келіспеушіліктерден соң, құрылысты аяқтамай Тәжікстаннан кетіп қалды.

Биліктің мәліметі бойынша, аквапарк құрылысын аяқтауға 200 жұмысшы кіріскен. Құрылыс 2017 жылы ақпанда аяқталып, наурыз айында астана тұрғындары жаңа ойын-сауық мекеніне кіре алады.


XS
SM
MD
LG