Ссылки доступа

Дэвид Кэмерон сәрсенбіде отставкаға кетіп, орнына Тереза Мэй келеді


Тереза Мэй сәрсенбі күні кешке Ұлыбритания премьер-министрі атанады. Қазіргі премьер Дэвид Кэмерон сәрсенбі күні түстен кейін II Елизавета патшайымға отставкаға жіберу туралы өтініш тапсырады.

Британия үкіметінің Кэмерон төрағалық ететін соңғы отырысы сейсенбі күні өтеді.

Ұлыбритания энергетика министрі Андреа Лидсом ел премьер-министрі қызметіне таласпайтыны дүйсенбі күні белгілі болды. ОсылайшаТереза Мэй үкімет басшысы қызметіне жалғыз үміткер болып қалды.

Қазір Терезе Мэй Ұлыбритания ішкі істер министрі қызметін атқарып отыр. Мэй және Лидсом Консервативтік партия лидерлерін сайлаудың екінші турында ең көп дауыс жинаған еді.

XS
SM
MD
LG