Ссылки доступа

Ресми Ташкент 10 саяси босқынмен кездесуге рұқсат берді, бірақ түрмелерге жетуге қаражат жоқ


Өзбекстан билігі «Эзгулик» адам құқығын қорғау қоғамына түрлі мерзімдермен қамауда отырған адам құқығын қорғаушылар мен журналистерге жолығуға рұқсат берді. Бірақ қоғам белсенділері саяси босқындар қамалған түрмелер мен колонияларға баруға қаражат таппай отыр.

11 маусымда кеңсесі Парижде орналасқан «Жалынды жүрек клубы» адам құқығын қорғаушы ұйымы веб-сайтында «Саяси босқындармен кездесуге көмектеріңізді аямаңыздар!» деп аталатын үндеуін жариялады. Үндеу Өзбекстан азаматтарына ғана емес, шетелде тұратын барлық өзбектерге арналған. Онда «Эзгулик» ұйымы өкілдері саяси босқындармен кездесу үшін қаражат жинауға шақырған.
Үндеуде жазылғандай, 23-24 маусымда Ташкентте өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) саммиті қарсаңында, «Эзгулик» ұйымы республика үкіметінен «он саяси босқынды босатуын, олармен кездесуге рұқсат беруін және денсаулықтары туралы мәлімет алуға кедергі келтірмеуін» сұрады. ШЫҰ саммитінен соң, Өзбекстан ІІМ-нің Жазаларды орындау бас басқармасы ұйым өтінішіне ресми жауап жолдап, қоғам белсенділеріне түрмелер мен колониялардағы ондаған адам құқығын қорғаушыға жолығуға рұқсат берді.
«Тұтқындар ұзақ жылдар бойы Өзбекстанның түрлі облыстарындағы колонияларда отыр. Олардың бірқатарына қолдан ұйымдастырылған заң бұзушылықтар арқылы мерзім қосылған, кейбірінің тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. «Эзгулик» адам құқығын қорғау ұйымының өкілдері олармен кездесуге ресми рұқсат алғандарына қуанды. Бірақ бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Өйткені ол кезде саяси босқындармен кездесуге қажетті қаражатты табу соншалықты қиын болады деп ешкім ойлаған жоқ еді», - делінген «Жалынды жүрек клубының» веб-сайтында жарияланған үндеуде.
«Эзгулик» өкілдері Өзбекстандағы колонияларда отырған саяси босқындармен осы жылдың 25 шілдесіне дейін ғана кездесе алады. 15 күннен кейін ресми рұқсат мерзімі аяқталады. Адам құқығын қорғаушылар келесі аптаның соңы – 16-17 шілдеде жолға шығулары керек. Әйтпесе олар қамауда отырған 10 саяси босқынмен кездесуге үлгермейді.

XS
SM
MD
LG