Ссылки доступа

Қырғызстанның Жоғарғы соты Әзімжан Асқаров үкімінің күшін жойды


Қырғызстанның Жоғарғы сот алқасы бүгін өмірлік түрме жазасына кесілген Әзімжан Асқаров үкімінің күшін жойып, қылмыстық істі қайта қарау үшін Шу облыстық сотына жолдады.

Сот процесі кезінде адам құқығын қорғаушы қамауда отырады.
Жоғарғы соттағы процесс екі күнге созылды. Асқаров ісінің қайта қаралуына БҰҰ адам құқығы жөніндегі комитетінің шешімі түрткі болды. Комитет қырғыз билігінен Асқаровты босатуды, оның ісін қайта қарауды талап етті.
Асқаров, ұлты өзбек Қырғызстан азаматы, 2010 жылы республиканың оңтүстігінде өзбектер мен қырғыздардың қақтығысын ұйымдастырды деген айыппен өмірлік түрме жазасын алған. Ұлтаралық қақтығыстан 450-ден астам адам қайтыс болды, олардың көбі этникалық өзбектер. Мыңдаған өзбек баспаналарын бастап кетуге мәжбүр болды. Әзімжан Асқаров Жалалабад облысының Коргон ауданында адам құқығын қорғаумен айналысты.
Халықаралық адам құқығын қорғаушы ұйымдар бірнеше мәрте Бішкекті Әзімжан Асқаров үкімінің күшін жоюға шақырған еді.

XS
SM
MD
LG