Ссылки доступа

Онтарио Жоғарғы соты Қырғызстанға қарсы төрт шағымды қанағаттандырмады 


​Канадалық Онтарио провинциясының Жоғарғы сотында судья Ж. Конвэй төрағалығымен өткен отырыста Қырғызстан үкіметіне қарсы шағымданған төрт компанияның арызын қанағаттандырмай тастады. Бұл туралы «Қырғызалтын» ААҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Компания мәліметі бойынша, 2016 жылы 28-29 мамырда Онтарио Жоғарғы сотында түркиялық Sistem Muhendislik Insaat Sanayi ve Ticaret Anonim Sirketi, Entes Industrial Plants Constraction & Erection Constracting Co. Inc., канадалық Stans Energy Corp. және Латвия азаматы Валерий Белоконның шағымдары негізінде біріктірілген іс бойынша сот тыңдауы өтті. Шағым иелері республикаға қарсы арбитраждық шешімдердің орындалуы негізге ала отырып, Қырғызстанды «Қырғызалтын» ААҚ-ның Centerra Gold Inc. компаниясындағы акцияларының бенефициары ретінде тануын және оларды шағымданушылардың меншігіне жатқызуын соттан сұраған.

11 шілдеде Онтарио Жоғарғы соты тараптардың уәждерін тыңдап шыққан соң, төрт шағымданушының барлығының арыздарын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарды. Айта кетерлік жайт, Канада процессуалдық заңнамаларына сәйкес, тараптар сот актісіне шағымдана алады.

Естеріңізге сала кетейін, 2011 жылы сәуірде Sistem Muhendislik Insaat Sanayi ve Ticaret Anonim Sirketi компаниясы, «Ақ-Кеме» қонақ үйіне қатысы бар іс бойынша шығарылған арбитраждық шешім негізінде, «Қырғызалтын» ААҚ-ның Centerra Gold Inc. компаниясындағы акцияларын өндіріп алуын сұрап канадалық сотқа шағымданған еді.

2014 жылы қазанда, 2015 жылдың ақпан және қазан айларында Entes Industrial Plants Constraction & Erection Constracting Co. Inc., канадалық Stans Energy Corp. компаниясы және Латвия азаматы Валерий Белоконь дәл осындай шағыммен Онтарио сотына барған еді. «Қырғызалтын» ААҚ-ның мүддесін сотта Baker&McKenzieLLP заң компаниясы қорғап келеді.

XS
SM
MD
LG