Ссылки доступа

Тәжікстанда «әлімжеттік» көрсетушілерді жауапқа тартады


Гарнизонның әскери прокуроры Фируз Раджабзоданың айтуынша, «әлімжеттікке» қатысты қылмыстық іс Шамсиддин Шохин ауданындағы 2931- әскери шекара бөлімінің командирі Комилжон Рафиев пен Хамадони ауданындағы 2133- әскери шекара бөлімінің қатардағы сарбазы Жонибек Муродовтың үстінен ашылған. Рафиев жарғы ережесін бұзып, жеті сарбазды соққыға жыққан. Әскери прокурордың айтуынша, бұл оқиға мамыр айында болған, ал іс әлі тергеуде жатыр.
Әскери прокурордың мәліметі бойынша, Шамсиддин Шохин ауданындағы 2933- әскери шекара бөлімінің старшинасы мен прапорщигі қызмет бабын асыра пайдалану арқылы сарбаздарды мобильді байланыс компаниясының антеннасын орнатуға салып, содан түскен пайданы өздері бөліп алған.
Өткен жылы аймақтық әскери прокуратура әлімжеттік жасаған төрт офицердің үстінен қылмыстық іс қозғап, солардың барлығы да жазаланған еді.
Биыл жарты жылда тәжік билігі әскери жарғы ережелерін бұзған бірнеше офицерді қызметтен босатып, әлімжеттік жасаған, тіпті кісі өлтірген сарбаздарды түрлі мезімдерге соттады.

XS
SM
MD
LG