Ссылки доступа

Сот «Трибуна» газетіне бес миллион теңге төлеуді міндеттеді


Сыздықов 13 мамырда «мақаланың тақырыбы және ондағы кейбір фрагменттер кәсіби беделіме нұқсан келтірді» деп сотқа арызданып, моральдық өтемақы ретінде газет иелерінен 15 миллион теңге айыппұл төлеуін талап еткен. Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Дана Махметова шағымданушының талабын жартылай қанағаттандырып, моральдық зиянды бес миллион теңгеге бағалады. Сот шешіміне сәйкес, бес миллион теңгені мақала авторы Денис Кривошеев, «Трибуна» газетінің бас редакторы Жанболат Мамай және жекеменшік басылымның иесі — ИП «Қалам» ортадан ақша шығарып, шағымданушыға төлеулері тиіс.

«Трибуна» газетінің бас редакторы Жанболат Мамай соттың шешімімен келіспейтінін білдіреді. «Сот ісі тек екі күн ғана — 7 және 11 шілдеде қаралды, ал үшінші күні 12 шілдеде шешім шығарды. Біз жиырмадан астам өтініш түсірдік, бірақ судья Дана Махметова бәрін кері қайтарды. Біз қалалық және Жоғарғы сотқа апеллияциялық шағым береміз. Егер қажет болса, БҰҰ комитетіне де арызданамыз, — дейді ол. Жанболат Мамай айыппұлды төлемейміз дейді. Сот шешімі тәуелсіз басылымды жабуға бағытталып отыр деп есептейді.

Журналист Денис Кривошеев те судья Дана Махметованың шығарған шешіміне қарсы. Ол 2014 жылы ондаған БАҚ мақаланың кейіпкері Сұлтанбек Сыздықов жайында «оның кезінде Азияда ойындарының Алматы дирекциясын басқарып, мемлекетке 23 миллион теңге шығын әкеле тұрып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылғаны» туралы жазды дейді.

— Сол кезде барлық құқық қорғау органдары оны коррупциялық қылмыс жасады деп мәлімдеген. Бұл — дәлел. Енді Сыздықовқа мақаладағы «коррупционер» сөзі ұнамай қалыпты, — дейді Денис Кривошеев.

XS
SM
MD
LG