Ссылки доступа

Ресей банктері кепілде тұрған 17 мың өзбек автокөлігіне тыйым салды


GM Uzbekistan компаниясының бұрынғы бас директоры Тохиржон Жалилов және автоконцерннің басқа да жоғары лауазымды басшылары қымбат мүліктер мен бизнес-құрылымдарды ресейлік банктердің несиесіне алған. Банкке кепілге қойылған 17 мың автомобильге тыйым салынды.

Өзбек-америка концерніндегі қаржы қылмысынан келген залал көлемі жарты миллиард АҚШ доллары, делінген тергеу құжаттарында.

Кейбір мәліметтер бойынша, Өзбекстан автомобиль өндірісінде ұзақ жылдар бойы басшылық қызметте болған Гайрат Ниязов Ташкентте тергелді. Ниязовқа 500 миллион доллар берешектен «түрлі жолдармен» құтылу міндеті қойылған делінеді.

Бірқатар деректерге қарағанда, Ниязовтың GM Uzbekistan басқару жүйесі құрамында қалуын бірлескен кәсіпорынның америкалық өкілдері қостап отырған жоқ. Олар GM Uzbekistan компаниясындағы сыбайласқан жемқорлық туралы мәліметтер АҚШ әділет министрілігінің назарына іліккенін қаламайды. Ниязов келтерілген орасан зор залалдың орнын толтыру үшін Жалиловтың мүліктерін сата бастағаны белгілі болды.

Жалиловтың өзі қазір Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу абақтысында отыр. Ол Ресейде ірі кәсіпорындар мен бірнеше жылжымайтын мүлікке ие екені анықталды.


XS
SM
MD
LG