Ссылки доступа

Мәсімов Моңғолияға ресми сапармен барды


​Жұмыс сапарымен Моңғолияда жүрген Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов су тасқынынан зардап шеккен Баян-өлгий қаласына келді.

Премьер-министрдің ресми сайтындағы хабарламада Мәсімов Еуропа және Азия елдері саммитіне (АSEM) қатысу үшін Моңғолияға барды делінген. Саммит аясында екіжақты кездесулер өтеді деп күтіледі.

Баянөлгей аймағында Кәрім Мәсімов жергілікті қазақ диаспора өкілдерімен кездеседі. Кеше Мәсімов 10 шілдеде Баян-өлгийде болған су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға Қазақстан гуманитарлық көмек көрсетеді деп мәлімдеген. Астананың қандай көлемде көмек көрсететінін, ол нақтыламады.

Қазақстан премьер-министрі сайтының ақпаратына қарағанда, Ұлаан-баторда өтетін Еуропа және Азия елдері саммитінде ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарыстың салдары, жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру және қоршаған орта мен климаттың өзгеруі мәселелерін талқылайды.

XS
SM
MD
LG