Ссылки доступа

Еуропалық сот Ресейге адам ұрлау ісі бойынша 120 мың еуро төлеуді міндеттеді


Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Ресейге 2012 жылдың қаңтарында Махачкаладан ұрлап әкетілген екі дағыстандық азаматтың туыстарына 123 мың еуро төлеуді міндеттеді.

«Кавказский узел» басылымының хабарлауынша, Сиражудин Алиев пен Газимагомед Абдулаевты Махачкала орталығында қарулы әскерилер тоқтатады. Олар екі азаматты күшпен көліктерінен шығарып, қолдарына кісен салып, белгісіз аймаққа алып кетеді. Оларды көптеген куәгерлердің көздерінше ұрлап әкеткен. Ұрланғандардың туыстарының айтуынша, екі азаматты бірінші Махачкаладағы полиция учаскесіне әкелген, одан Ставропольский аймағына алып кеткен. Ұрланған азаматтардың одан кейінгі тағдырлары белгісіз.

«Кавказский узел» жазғандай, елдегі билік екі азаматтың ұрланғанын терістемейді, бірақ бұл іске күш құрылымдарының қатысы барын жоққа шығарады.

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Алиев пен Абдулаевтың құқықтары бұзылғанын айтады. Сот сонымен бірге оларды қайтыс болды деп мойындаған жөн дейді.

XS
SM
MD
LG