Ссылки доступа

Радио Свободаның Мәскеу бюросы 25 жылдық мерей тойын атап өтті


Совет Одағына мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, Борис Елцин 1991 жылы 27 тамызда Мәскеуде Радио Свободаның өкілдігінің ашылуына рұқсат беріп, қол қойды.

"Өзгеріп жатқан әлемде, қиын жағдайда тәуелсіз кәсіби журналистиканың үлгісі болып отыр" деп атады Радио Свободаның қызметін хабар тарату жөніндегі америкалық басқарма кеңесінің (BBG) атқарушы директоры Джон Лэнсинг Радио Свободаның Мәскеу бюроасының 25 жылдық мерей тойына арналған жиында. BBG - АҚШ-тың шетелге таратылатын барлық хабарларының қамқоршы кеңесі, олардың ішінде Азат Еуропа/Азаттық радиосы да бар.

Салтанатты жиынға журналистер, азаматтық белсенділер, америкалық дипломаттар, авторлар және Радио Свободаның достары жиналды. Азат Еуропа / Азаттық радиосы корпорациясының директоры Томас Кент Мәскеу бюросының журналистері қиын жағдайда да, халықаралық талаптардың жоғары деңгейінде шынайы хабар таратып келеді деп атап өтті.

АҚШ-тың Мәскеудегі елшісі Джон Теффт Азаттық пен оның Мәскеу бюросының қызметін Ресейдегі және әлемдегі оқиғаларды шынайы жеткізуін жоғары бағалады. Ол Азат Еуропа / Азаттық радиосын "еркін баспасөздің кепілі" деп атады әрі дәл қазіргі уақытта орыс қызметінің жұмысының өте маңызды екенін айтты.

XS
SM
MD
LG