Ссылки доступа

Францияда ұлттық мейрамды атап өту кезінде, шабуылдан ондаған адам қаза тапты


Бейсенбі күні Ниццеде кешкісін Францияның ұлттық мерекесі — Бастилияны алған күнді атап өту кезінде, салютті бақылап тұрған бір топ адамдар арасына жүк көлігі соғылып, кемінде 50 адам қаза тапты. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлайды.

Белгісіз көлік Ағылшын жағалауында жиналған халыққа қарай соқтығысқан. Көлік адамдар арасымен жүз метрдей жүріп өткен. Осыдан кейін террористер адамдарға оқ атқан.

Франсуз ақпарат құралдары "көліктегі адамдар мен полиция арасында атыс болды" деп хабарлайды. Полиция адамдарға бұл күндері көшеге шықпауын сұрайды.

Францияда мереке күні қарсаңында қауіпсіздік шарасы күшейтілген. Қауіпсіздік қызметтің 11 500 әскері Париждегі дәстүрлі әскери парадқа қатысты.

XS
SM
MD
LG