Ссылки доступа

Франция қаласында терактіден қаза тапқандар саны 84-ке жетті


Ниццеде Бастилияны алған күнді мерекелеу кезінде кешкісін орын алған террористік шабуылдан қаза тапқандар саны 84-ке жетті. Оқиға орнына келген Францияның ішкі істер министрі Бернар Казнёв 100-ден астам адамның жараланғанын айтты. 18 адамның жағдайы өте ауыр халде екен. Мерт болғандардың ішінде балалар көп.

Шабуыл Ағылшын жағалауында, ондаған мың адам мерекелі отшашуды тамашалап тұрған кезде болған. Жүк көлігі қатты жылдамдықпен қалың топқа қарай 2 шақырымдай жерді басып өткен. Полицейлермен атыс кезінде жүргізуші қаза тапқан. Көлікте ірікалибрлі қару-жарақ пен гранаттар табылған. Франс пресс агенттігі дереккөзіне сілтеме жасап, көліктен 31 жастағы Тунистен шыққан, Ницца тұрғынының құжаттары табылған деп хабарлайды.

Франция президенті Франсуа Олланд оқиғаны теракті деп атады. Жұма күні түнде арнайы тележолдау жасаған президент қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты.

Олландтың сөзінше, 26 шілдеде аяқталатын төтенше жағдай тағы да үш айға созылады. Тиісті заң жобасы жақын күндері парламентте қаралады.


XS
SM
MD
LG