Ссылки доступа

ЕО лидерлері британдық жаңа премьерден Brexit-ті тездетуге шақырды


Тиісті хатты 13 шілдеде Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Терезе Мэйге Еуропалық одақтың төрағасы Дональд Туск пен Еуропалық комиссияның басшысы Жан-Клод Юнкер жолдады. Соңғысы Лондонның алдағы мақсаттарын білгісі келетінін сұраған.

Осындай үндеумен Мэйге Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Франсуа Олланд та өтініш жасап, телефон арқылы қауіпсіздік және миграциялық дағдарыс мәселесінде ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендіктерін жеткізген.

Тереза Мэй өз кезегінде 23 маусымда референдумда Еуропалық одақтан шығуды қолдап дауыс берген халықтың тілегін орындайтынын, бірақ Лондонға уақыт керек екенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG