Ссылки доступа

Ресей Қырғызстан мен Қазақстанға шыққан 130 украиналық вагонды тоқтатты


Ресей шекарасында Украинадан Қырғызстан мен Қазақстанға бара жатқан 130 вагон тоқтатылды, деп хабарлады РИА Новости. «Укрзализныця» теміржол әкімшілігінің мәліметі бойынша, вагондар Украина және Беларустың шекаралас бекеттерінде тұр.

Бұған дейін Украинаның сауда және экономикалық даму министрлігі Қазақстан мен Қырғызстанға шыққан 59 украиналық вагон Ресеймен шекарада тұрып қалғанын, тағы 55 вагон және 50 шақты жүк көлігі Беларусь-Ресей шекарасында тоқтатылғанын мәлімдеген еді.

Соған байланысты «Укрзализныця» жүк тасымалына Украина, Грузия және Әзірбайжан арқылы өтетін «Жібек жолы» бағытын пайдалануды ұсынды.
Естеріңізге сала кетейін, 2016 жылы 1 шілдеде Ресей өз аумағы арқылы өтетін украиналық тауардың транзитін шектеу шараларын енгізді. Атап айтқанда, бірқатар украиналық тауарға азық-түлік эмбаргосының мерзімі 2018 жылға дейін ұзартылды, Қазақстан мен Қырғызстанға тауар транзиті шектелді.

XS
SM
MD
LG