Ссылки доступа

Тәжікстанда ресейлік офицерге қатысты сот 19 шілдеде басталады


Тәжікстандағы 201-ші ресейлік базаның офицеріне қатысты сот жабық режимде өтеді. Иван Щербаковқа 22 жастағы душанбелік әйелді өлтірді деген айып тағылған.

Қылмыстық істе айыпталушы мен жәбірленушіге қатысты «сексуалдық сипаттағы» мәлімет бар, сол себепті сот залына журналистерді кіргізбейді. Бұл туралы Би-би-си тергеуге қатысы бар дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
Щербаковқа кісі өлтірді деген айып тағылды, істе айыпты ауырлататын жағдайлар қарастырылған. Бұған дейін офицер жасаған қылмысын мойындап, тергеуге қарсылық көрсетпеуге келісті.
Процесті Орал аймақтық әскери соты әскери базада жүргізеді. Соттың алғашқы отырысы 19 шілдеге белгіленді.
Ресейлік әскер қызметкерлері Тәжікстан аумағында қылмыс жасағаны үшін бірнеше мәрте сотқа тартылды.

XS
SM
MD
LG