Ссылки доступа

АҚШ-та полиция тобы тосқауылға тап болып, үшеуі өлтірілді


Америкалық Батон-Руж қаласында (Луизиана штаты) белгісіз біреулер полиция тобына қарулы шабуыл жасап, нәтижесінде үш полицей мерт болып, үшеуі жараланды. Шабуыл жасағандардың біреуі өлтірілді. Оқ атқан тағы екі адам жасырынып үлгерген. Оларды іздестіріп жатыр.

Билік бұл оқиғаны алдын-ала ұйымдастырылған әрекет деп бағалайды. Полицейлер атылған оқтың дауысын естіп, сол жаққа барғанда, өздері шабуылға тап болған. Осының алдында Батон-Ружда 5 шілдеде полиция қолынан қаза тапқан 37 жастағы афроамерикалық Алтон Стерлингтің ісін тергеу барысында ондаған адам ұсталған.

6 шілдеде Сен-Пол қаласында (Миннесот штатында) патрульді полицей 32 жастағы қара нәсілді жүргізуші Филандо Кастилені өлтірген.

Осыдан кейін АҚШ-тың көптеген қалаларында полиция қызметкерлеріне қарсы жаппай акция өтті. 7 шілдеде Далласта болған шеру барысында (Техас штаты) қара нәсілді ауған соғысының ардагері бес полиция қызметкерін өлтіріп, жетеуін жаралады.

XS
SM
MD
LG