Ссылки доступа

Ереванда басып алынған полиция ғимаратынан бір адам босап шықты


17 шілдеде Еревандағы полиция ғимаратын басып алған қарулы топ кепілдегі бір адамды босатты. Азаттық радиосының армян қызметінің хабарлауынша, кепілдегі адам 18 шілдеге қараған түні босатылған. Оқиғаның басқа да жай-жапсары әзірге белгісіз.

Полиция ғимаратын басып алушылар әлі бес полиция қызметкерін кепілде ұстап отыр, солардың ішінде Армения полициясы басшысының орынбасары Вардан Егиазарян және Ереван полициясы басшысының орынбасары Валерий Осипян бар.

17 шілдеде қарулы топ Ереванның шеткері аудандарының біріндегі полиция ғимаратына басып кіріп, сегіз адамды кепілдікке алды. Кейін арнайы қызмет жасағы екі адамды босатты. Шабуылдаушылармен атыс барысында полицияның бір қызметкері қаза болды, екеуі жараланды.

Шабуылдаушылар қарабах жанжалына қатысқан, радикал оппозициялық «Жаңа Армения» Қоғамдық құтқару қорының лидері Жирайр Сефилянды босатуын талап етті. Сефилян 20 маусымда, елде әскери төңкеріс жоспарлады деген айыппен қамауға алынған болатын.

XS
SM
MD
LG