Оның айтуынша, сот орындаушылары «АзияИнфо» Интернет провайдеріне сот шешімін тапсырған. «Менің мүлкімді тәркілеу турлы шешім шыққан. Ал олар сайтымды бұғаттап тастады, бірақ сайт мүлікке жатпайды. Сот шешімінде: «президент туралы мақаланы жоққа шығарсын» делінген. Сайтты жабу туралы ештеме айтылмаған», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейін, президентке моральдық шығын ретінде 3 миллион сом төлеу туралы шешімді Аламудун аудандық соты 2015 жылы маусымда қабылдады. Бұған қоса журналист мақаланы жоққа шығару керек болған еді.
Сотқа арыз-шағымда хабарланғандай, журналист бұл мақаласында президент Алмазбек Атамбаев пен Уақытша үкіметтің басқа да мүшелерінің әрекеті 2010 жылғы маусым оқиғасына себеп болды деп сынаған.