Ссылки доступа

Өзбекстан университеттері медресе түлектерінің құжаттарын қабылдамайды


Өзбекстандық жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары Өзбекстан мұсылмандарының діни басқармасына (ӨМДБ)қарасты діни білім мекемелері түлектерінің құжаттарын қабылдамай тастады. Бұл туралы «Озодликке» бір топ медресе түлегі хабарлады.

Өзбекстанның арнайы орта және жоғарғы білім министрлігінің қабылдау комиссиялары жұмысына жауапты қызметкерінің мәлімдеуінше, басқарма діни оқу орындарының тізімін осы уақытқа дейін министрлікке тапсырмаған.

Ал діни басқармадағылар болса министрлік «заңға қайшы» әрекет етіп отыр деп есептейді. Басқармадағылардың айтуынша, қабылдау комиссиялары медресе түлектерінің құжаттарын қабылдау үшін діни оқу орындары беретін дипломның өзі жеткілікті болуы керек.

Өзбекстан министрлер кеңсесінің 2003 жылдың 22 тамызындағы қаулысына сәйкес, Ташкент ислам институтының және орта білім беретін ислам оқу орындарының дипломы мемлекеттік үлгідегі дәл осындай құжатпен теңестірілген. Қаулыда мұндай білім мекемелерінде білім стандарттары мен оқу жоспары ескерілген, сондай-ақ оқушылардың діни және зайырлы білім алуы қолданыстағы мемлекеттік ережелерге сай келеді.

XS
SM
MD
LG