Ссылки доступа

Франция мен АҚШ «Ислам мемлекетіне» бірлескен соққы жасайды


Франция мен АҚШ «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымына қарсы бірлескен соққы ұйымдастырып жатыр.

Сәрсенбі, 20 шілде күні France Info радиосының эфирінде сөйлеген француз үкіметінің өкілі Стефан Ле Фоль соққы ирақтық Мосул қаласына бағытталатынын мәлімдеді. Мосул – террорлық ұйым содырларының көп шоғырланған орындарының бірі.

Deutsche Welle-нің хабарлауынша, қазіргі таңда АҚШ-та жүрген Франция қорғаныс министрі Жан-Ив Ле Дриан Мосулға соққы жасау мәселесін талқылаумен айналысады. Сейсенбі күні франциялық сыртқы істер министрі Жан-Марк Эйро террорлық ұйымға қарсы коалиция өкілдері Вашингтонда бас қосқанын мәлімдеген еді.

Сенбі, 16 шілде күні «Ислам мемлекеті» Ниццедегі теракт жауапкершілігін мойнына алды. Интернеттегі терроршылар туралы ақпаратты бақылаушы SITE халықаралық ұйымының мәліметінше, Ниццедегі шабуылды коалицияға кіретін елдердің азаматтарына шабуыл жасауға шақырған террорлық ұйымның үндеуіне құлақ асқан бір жанкешті жасаған.

XS
SM
MD
LG