Ссылки доступа

Түркіменстан президентінің сапары алдында Мары қаласын қаңғыбас иттерден тазартуда


Қаңғыбас иттерді жою, демалыстағы мектеп мұғалімдерін шақыртып алу, орталық көшелерді тазалау, әскерилер мен полиция санын арттыру — мұның бәрі жақын күндері Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовтің облыс орталығына келетін белгілері. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлайды.

Өткен түнде облыс орталығы Мары қаласының көптеген аудандарында көше иттерін атқан дауыстар естілген. Аудан тұрғындарының сөздерінше, иттерді аулау таңғы төртке кейін жүрген. Жексенбіден бері қала орталығы қоршалған, онда әскерилер мен полиция өкілдері көбейген. Үлкен қонақты күтіп алатын даярлық жұмыстары да жүріп жатыр. Іс-қимылдардың бәрін Ашхабадтан арнайы келген телевидение қызметкерлері түсіріп жатыр.

Бюджет қызметкерлерінің барлығы, ең алдымен мектеп мұғалімдері мен медицина қызметкерлерін еңбек демалыстарынан шақыртып алған. Олардың бәрінен жұмыс орындарында күні бойы болуын талап еткен. Әзірге оларға үш күн қатарынан осындай режимде жұмыс істеуді бұйырған. Егер президент сапары өзгеретін болса, демалыстан тыс жұмыс істеу тағы да созылуы мүмкін.

Әбір мұғалім бес балаға қадағалап, оларды мерекелік киіммен «Диснейленд» балалар бағы салынып жатқан аймаққа ертіп апарып, күнделікті дайындық жүргізеді. Оны президенттің өзі келіп ашады екен.

Мары уәлаятында президентті күтіп алу рәсіміне қатысқан балалар қайтыс болған кезде, түрлі шараларға балаларды қатыстырмау жөнінде шешім шығарылған. Бірақ бұл жолы балалар бағының ашылу салтанаты оларсыз өтпейін деп тұр.

XS
SM
MD
LG