Ссылки доступа

Өзбекстан бір ай бұрын ұсталған екі тәжікті босатты


Өзбекстан Қоқандағы тергеу абақтысында бір ай отырған екі тәжікті босатты. Алиджон Исмоилов пен Курдонали Аслоновты өзбек шекарашылары «Патар» шекара учаскесінде ұстаған еді.

Дегенмен Канибадам ауданының тағы бір тұрғыны – Хайдар Кузиев әлі босатылған жоқ. Кузиевті бір ай бұрын өзбек шекарашылары жаралап, ұстап әкеткен. Оның туысқан ағасы Эргаш Мамадджоновтың «Озоди» радиосына хабарлауынша, босап шыққан екі тәжік азаматы Кузиевті тергеу абақтысында көрген.

«Олар менің буырымның тірі екенін айтты», - деді ол.

Бұл уақытта, Тәжікстанның шекара әскерінің бас басқармасы 20 шілдеде Хайдар Кузиевтің босатылып, Канибадамға қайтарылғанын хабарлады. Дегенмен ресми ақпаратты оның туған-туыстары растамай отыр.

Соңғы бір жылда өзбек шекарашылары осымен екінші рет тәжік азаматтарын жаралап, Өзбекстан жаққа алып кетті. Өткен жылдың шілдесінде көрші елдің шекарашылары Канибадам ауданының екі қойшысын ұстардан бұрын, олардың біреуін аяғынан жаралаған еді.

XS
SM
MD
LG