Ссылки доступа

Түркия адам құқықтары жөніндегі конвенцияны уақытша тоқтатты


Түркия Адам құқықтары жөніндегі еуропалық конвенция жұмысын уақытша тоқтатты, деп мәлімдеді түрік вице-премьері Нуман Куртулмуш.

Бұған қоса ол елдегі төтенше жағдай бір немесе бір жарым айда аяқталып қаларына сенім білдірді.

Бұған дейін түрік президенті Режеп Эрдоған төтенше жағдай режимі үш айға созылатынын мәлімдеген еді. Осы уақыт аралығында президент парламенттің көмегінсіз-ақ жаңа заңдар қабылдай алады. Адам құқығын қорғаушылар бұның бәрі сәтсіз төңкеріс жақтастарын репрессиялауға әкеп соқтыра ма деп қауіптенеді. Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер бейсенбі күні Түркияны төтенше жағдай режимін тезірек аяқтауға шақырды.

16 шілдеде түнде Түркияда сәтсіз әскери төңкеріс болып, билік бүлікшілерді басып тастады. Бүлікке қатысқан деген күдікпен шамамен 6 мың адам ұсталды, олардың арасында жоғары лауазымды офицерлер, шенеуніктер және судьялар бар. Мектептер мен жоғарғы оқу орындарының бірқатар қызметкерін бүлікшілермен байланысы бар деген күдікпен жұмыстан шығарды.

XS
SM
MD
LG