Ссылки доступа

Қазақстанда прокурорларды адамгершілік танытуға шақырды


Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов прокуратура қызметкерлерін ақтау үкімін сұраудан қорықпауға шақырды. Астанада прокуратураның алқа отырысында Асанов ақтау үкімінде тұрған ештеңе жоқ екенін айтты, деп хабарлады «Жаңалықтар-Қазақстан» агенттігі.

«Біз әлі стереотиптердің шырмауындамыз: іс сотқа жолданған екен, оны міндетті түрде соттау керек сияқты көрінеді. Прокуратураның құқыққорғау рөлін құртатын да осындай ескі түсінік, соның кесірінен ол халықты қанаушы орган болып көрінеді, БАҚ-тың теріс көзқарасын да осымен түсіндіруге болады», - деп мәлімдеді Асанов.

Бұған қоса Асанов басшылықтың қысымынан шыға алмаған прокурорлар әдетте айыптау үкімін талап ететінін жасырмады.

Жоғарғы соттың статистикалық мәліметі бойынша, 2014 жылы 478 ақтау үкімі шығарылса (1,8 пайыз), 2015жылы бұл көрсеткіш 2,2 пайыз болған.

XS
SM
MD
LG