Ссылки доступа

Тәжікстанда «жеңіл жүрісті» қыз-келіншектерді қайта тәрбиелеуге тырысып жатыр


Тәжікстанның Хатлон облысының билігі осы аймақтағы «жеңіл жүрісті» әйелдердің тізімін жасауды жөн көріпті. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, оларға лайықты жұмыс ұсынып, жезөкшелікпен айналысудан қорғауды мақсат етеді.

Бұл бастаманы Хатлон облысының ішкі істер басқармасы мен Тәжікстан үкіметі жанындағы әйелдер ісі және отбасы комитеті көтеріп отыр. Жергілікті милицияның мәліметі бойынша, соңғы алты айда Хатлон облысында 571 әйелді жезөкше ретінде тіркеген. Ішкі істер басқармасының қылмыстық іздеу бөлімінің басшысы Хайриддин Шокирзода аталған әйелдер көбінде қонақүй, түнгі клубтарда жұмыс істейді дейді. Оның сөздерінше, тізімдегі әйелдердің саусақ ізі алынған, бұл оның суреттерімен бірге жеке мәліметтер базасында сақталады.

Әйелдер ісі және отбасы комитетінің Хатлон облысы бойынша төрағасы Санавбар Самиев бұл көтеріп отырған бастамалары нәтижесін береді деп есептейді. Оның сөзінше, облыс әкімшілігі мен милиция өкілдері тізімдегі әйелдермен ағарту жұмыстарын жүргізеді. Осыдан кейін барып олар түрлі техникалық курстарды оқып, әртүрлі сала бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Алайда азаматтық белсенділер мәселеле жұмыс орнында емес, айлық көлемінде дейді. «Бірнеше жыл бұрын біз аталған әйелдерді тігін мамандығына үйреттік. Бірақ олар көп ақша табуды ойлайды. Олар 100-150 сомониге жағдайларын түзей алмайды, сол себептен әдепкі істеріне қайта барады»,-дейді белсенділер.

Тәжікстан парламенті өткен жылдың 15 қазанында елдің Әкімшілік кодексіне өзгерістер енгізді. Оған сәйкес, жезөкшелікпен айналысқан әйелдерге айыппұл төлеуді екі есеге көбейткен. Бірақ заңды қатайту арқылы әйелдерді әуес істерінен арылта қоймаған.

XS
SM
MD
LG