Ссылки доступа

Украина Ресейді Қара теңіз шельфінен газ өндіргені үшін сотқа береді


​Украинаның уақытша басып алынған аумақтар мәселесі жөніндегі министр Вадим Черныш Украина Ресейді Қара теңіз шельфіндегі жұмыстары үшін халықаралық сотқа береді деп мәлімдеді.

Бірінші шағым Ресейдің аннексиялаған Қырымнан табиғи газды өндіру ісіне қатысты болмақ, Екінші шағым — сол аймақтағы Қара теңіздің табиғи ресурстарын пайдалану. Украина БҰҰ-ның теңіз құқығы жөніндегі Конвенция нормаларына сәйкес соттаспақ.

"Әлі күнге дейін Украинаға тиесілі жерден табиғи газды өндіріп жатыр. Газ басып алынған түбекке жіберіліп жатыр. Мұның бәрі Украина Конституциясына сәйкес, украин халқының меншігі болып саналады", -дейді Черныш.

Газ өндіру жұмыстарын "Черноморнефтегаз" компаниясы жүргізіп жатыр. Бұл алдын "Украина Нафтогаз" акционерлік қоғамының құрамына кірген. 2014 жылдың көктемінде Қырымды аннексиялағаннан кейін кәсіпорынды Ресей заңына сәйкес қайта тіркеуден өткізген. 2014 жылдың мамыр айында Украинаның премьер-министрі болып тұрған кезде Арсений Яценюк аталған кәсіпорынды халықаралық сот арқылы қайта тартып аламыз деп мәлімдеген болатын.

Мұның алдында Украинаның СІМ Павел Климкин Украина Ресейден Қырым мен Донбасқа келтірген залалы үшін 50 млрд доллар көлемінде айыппұл талап етеді деген.

XS
SM
MD
LG