Ссылки доступа

Ақтөбеде "террористерді жасырған" адам қамауға алынды


Ақтөбенің № 2 соты 22 жастағы жергілікті тұрғын Мирлан Ердауовты екі ай мерзімге қамау туралы шешім шығарды. Ол маусым айында Ақтөбеде болған теракті кезінде іздеудегі үш адамды жасырды деп күдіктелінеді. Бұл жөнінде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлайды.

Тергеу ісінің болжамы бойынша, 5 маусымда қарулы шабуылдан кейін Дмитрий Таңатаров, Арман Айтуған және Нұрлан Сейіловтерді Ақтөбедегі таныстары Мирлан Ердауов олардың теракті жасағанын біле тұра, 7 маусымда пәтер жалдап, тығылуларына көмектескен.

Ердауов қылмыс жасаушылардың жасырынуына көмектесті деген айыппен ірі көлемде айыппұл төлеп, алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

5 маусымда Ақтөбеде қарулы топ әскери бөлім мен қару-жарақ дүкендеріне шабуыл жасады. Нәтижесінде жеті адам қайтыс болды, олардың үшеуі әскери қызметкер, төртеуі бейбіт тұрғын. Арнайы операция кезінде 18 күдікті өлтірілді, тоғызы тұтқындалды. Билік шабуылдаушыларды «радикалды діни топтар» деп атады.

XS
SM
MD
LG