Ссылки доступа

WADA Рио Ойындарына қатысуға Ресейге рұқсат берген ХОК шешіміне риза емес


Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігі (WADA) Ресей құрамасына Риодағы Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат берген Халықаралық олимпиада комитетінің шешімін құптамайды.

Агенттік басшысы Крейг Ридидің мәлімдеуінше, WADA-ға бағынышты Ричард Маклареннің баяндамасы Ресейде үкімет бақылауындағы допинг бағдарламасы болғанын дәлелдеп берді. Сол себепті агенттік ХОК-тен Ресей құрамасын Риодағы Ойындардан шеттетуін сұрады. Бірақ Комитеттің шешімі қатаң болмады.

Енді ресейлік спортшылардың тағдырын жекелеген спорттар бойынша халықаралық федерациялар шешеді. ВАДА-ның пікірінше, мұндай қағида «таза спортшыларды» алалап, түрлі келіспеушіліктер туғызады, деп хабарлады Рейтер.

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді. Олимпиада жолдамаларына қазірдің өзінде ресейлік теннисшілер, суға секірушіер және синхронды жүзу спортшылары ие болды. Олимпиадаға триатлон құрамасы да қатысуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG