Ссылки доступа

Дауға іліккен GM Uzbekistan компаниясының басшысы ауысты


Өзбек-америкалық GM Uzbekistan автоконцернінің бас директоры болып Рустам Раджабов тағайындалды. Бұл туралы Корпоративті ақпараттың бірыңғай порталында хабарланды. Раджабов 18 шілдедегі жалпы отырыста атқарушы органның басшысы қызметіне 90 күнге сайланды.

Ол қызметіне 20 шілдеде кірісті, өйткені концерннің бұрынғы басшысы Тохиржон Жалилов биыл сәуір айында тергеуге алынған еді.

Бұған дейін автоконцернді 2010 жылдан бері басқарып келген Жалиловты сәуірдің аяғында қамауға алғаны хабарланған еді. Дереккөздердің мәліметі бойынша, «Жалилов Ресейге экспортталған автомобильдерді қылмыстық жолмен сатқан, одан түскен пайданы оффшорлық банк есебіне аударып отырған».

«Қылмыстық жолға қатысы жоқ адамды бас директор етіп тағайындау ұсынысы өтпей қалды. Өйткені зауыттағы жағдай қиын болғаны сонша, сырттан келген адам одан сайын ушықтырып жіберер еді. Сол себепті осы кәсіпорында жұмыс істеген Рустам Раджабов уақытша басшы болып тағайындалды. Қазір ол тергеуге қымыстық жолды әшкерелеуге көмектесіп жүр», - деді дереккөз.

XS
SM
MD
LG